Н.Байбазаров: Үкімет ел экономикасының үздіксіз өсуін 3,7%-ке жеткізуге міндетті

Үкімет ел экономикасының үздіксіз өсуін 3,7%-ке жеткізуге міндетті. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі осылай деді.

Нұрлан Байбазаров бүгін Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесті. Келелі кеңесте тараптар  экономиканы ілгерлетуді, сондай-ақ қордың даму динамикасын талқылап, тың реформалар жайлы пікір алмасты. Бұған қоса, орта мерзімді перспективаға арналған ынтымақтастық жайында сөйлесті.

Сондай-ақ вице-премьер Дүниежүзілік банк тобының басқарушы әрі қаржы директоры Аншула Кантпен де жүздесті. Онда Қазақстанның экономикалық даму және инвестициялар тарту жөніндегі стратегиялық жоспарын талқылады. Өзара ынтымақтастық жайы да пысықталды. Энергетика, цифрлық даму саласындағы бірлескен жобаларға да тоқталды.