Brent маркалы мұнай бағасы 5%-ке өсті
Таяу Шығыстағы шиеленістер мұнай бағасының күрт өсуіне себеп болды.
Иран Израилді зымыранмен атқылағаннан кейін Brent маркалы мұнайдың бағасы 5%-ке өсті. Бір баррельдің бағасы 75 долларды құрады. Зымырандық шабуылға дейін баға соңғы екі аптада ең төменгі көрсеткіште болатын. Осыған дейін қара алтынға деген сұраныс төмендеген еді.