Криптовалюта нарығы $489 млн жоғалтты
Таяу Шығыстағы ахуал криптовалютаға әсер етті.
Бір тәулік ішінде цифрлық валюта нарығы 489 млн доллардан айырылған. Бұл туралы Крипто-слэйт порталы хабарлайды. Биткоин 3% арзандаған. Ал инвесторлар ақшасын алтын сияқты тұрақты активтерге ауыстыра бастаған. Сөйтіп бағалы металл қымбаттады. Мұнай бағасы да көтерілді.