Қазақстандық мамандардың қаржылық алаяқтыққа қарсы жобасы үздік деп танылды
Ресейдің Сочи қаласында қаржыны жылыстату және лаңкестікті қаржыландырудың алдын алуға бағытталған конкурс өтті.
Байқау Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиада алаңында ұйымдастырылды. Онда мамандар заңсыз қылмыстық әрекеттерді анықтау бойынша өз жобаларын ұсынды. Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің қатысушылары арасында еліміздің командасы үздік деп танылды. Сарапшылар қаржы жылыстатуға қарсы қазақстандық жобаны жоғары бағалап, сараптама үлгісін Еуразия кеңістігінде қолдануды ұсынды.