«Қазақмыс» компаниялар тобы ерекше алғысқа бөленді
«Қазақмыс» компаниялар тобы ерекше алғысқа бөленді.
Корпорация «Қазақстан халқына» қорының «Қайырымдылықтағы стратегиялық альянс» номинациясы бойынша марапатталды. Сыйлық табиғи апаттардың зардабын жою және әлеуметтік бағдарламаларды қолдау мақсатында берілді.
Корпорация «Қазақстан халқына» қорының «Қайырымдылықтағы стратегиялық альянс» номинациясы бойынша марапатталды. Сыйлық табиғи апаттардың зардабын жою және әлеуметтік бағдарламаларды қолдау мақсатында берілді.
«Қазақмыс» компаниялар тобы елдегі қайырымдылық идеяларын дамытуға және ілгерілетуге елеулі үлес қосуымен танымал. Корпорацияның осындай өлшеусіз еңбегі Астанада өткен Үшінші Ұлттық қайырымдылық конферецниясында ескерілді. «Қазақстан халқынан» қорының «Қайырымдылықтағы стратегиялық альянс» номинациясы бойынша мәртебелі сыйлыққа ие болды.
Медет Дүйсембаев, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС тұрақты даму жөніндегі департамент басшысы:
- Бұл сыйлықты біздің қайырымдылықты дамытуға және қорлармен жемісті әріптестікке қосқан үлесімізді мойындау деп білеміз. Компанияның әлеуметтік жауапкершілігі зор. Оны қазақстандықтар жақсы біледі.
«Қазақмыс» компаниялар тобы су тасқыны зардабын жоюға зор үлес қосты. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және «Қазақстан халқына» қорымен меморандумға қол қойып, Петропавлда зардап шеккен тұрғындар үшін 100 үйдің құрылысына атсалысты.
Медет Дүйсембаев, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС тұрақты даму жөніндегі департамент басшысы:
- «Қазақмыс» «Қазақстан халқына» қорының ең ірі донорларының бірі. 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы жобаларды қолдауға 25 миллиард теңге бөлді. Біз «Қазақстан халқына» қорымен ынтымақтастықты жалғастырып, аймақтардың дамуына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды қолдауды көздейді.
«Қазақмыс» жергілікті атқарушы органдармен жұмысты үйлестіруді жалғастыра бермек. Биыл компания Ұлытау облысында 320 орынға шақталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қаржыландырады. Сонымен қатар шахмат академиясы мен «Намыс» кешені реконструкциядан өтеді.
Данияр Сұтанұлы, Дмитрий Димитриев