«Венчурлік ойлау жүйесі» кітабының тұсаукесері өтті
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев венчурлік инвестициялар нарығын дамыту мақсатында арнайы кеңес құруды ұсынды.
Оның аясында жыл сайын венчурлік инвесторлар, мемлекет өкілдері, қаржы секторы, стартаптар мен қорлардың қатысуымен арнайы жиналыс өтеді. Министр бұл шара Алматыда өтетін Орталық Азия венчурлік форумының алдындағы маңызды жиынға айналатындығына сенім білдірді. Оған қоса, 15 аймақтық хабты пайдалану арқылы қазақ тіліндегі техникалық әдебиетті насихаттауға болатындығын жеткізді. Жаслан Мәдиев қазақ тіліне аударылған "венчурлік ойлау жүйесі: саналы түрде бәс тігу арқылы орасан зор табысқа қалай жетуге болады" кітабының тұсаукесеріне қатысты. Ол бұл жинақтың қазақ кәсіпкерлерінің венчурлік ойлау жүйесін дамытуға қосатын үлесі зор екенін атап өтті. Еңбектің авторы Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев пен цифрлық стратегиялар бойынша сарапшы Алекс Данг.