Қазақстан еңбек нарығына ЖИ енгізіледі

Еліміздің еңбек нарығына да жасанды интеллект енгізілмек.

Әрі бұған салалық жұмысшы мамандарды бейімдеу қажет. Бұл туралы бүгін жұмысшы мамандықтардың халықаралық жастар форумында айтылды. Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өткен жиынға түрлі сала мамандары қатысты. Жастар еңбек нарығындағы заманауи сын-қатерлердің алдын алу, саланы цифрландыру мәселелерін ортаға салды. Сондай-ақ еліміздегі еңбекақы төлеу жүйесін әлі де жетілдіру қажеттігі айтылды. Себебі кейбір ұжымдарда ең төменгі жалақы озық елдермен салыстырғанда анағұрлым аз. Ал Қазақстанда төменгі жалақының мөлшері 85 мың теңге. Кәсіподаққа биыл жыл басынан бері 2600-ден астам арыз-шағым келіп түскен. Шағымдардың жартысынан көбі осы еңбекақы мәселесіне байланысты болған. Бүгінде оның 70 пайыздан астамы оң шешімін тапқан. Айта кету керек, еліміздегі кәсіподаққа 2 миллионға жуық жұмысшы мүше. Оның 30 пайызы жастар.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- Еңбек кодексіне сәйкес еңбекақы жүйесін қалыптастыратын жұмыс беруші. Осы жерде әділеттік бар ма деенге сұраққа әлі де ондай әділеттік бар деп айта алмаймыз. Кәсіподақтардың жұмысшылардың үнінің естілуіне жұмыс істеп жатырмыз. Бұл біз үшін қажетті дүние. Онда да жетістік тер бар. Жалақы соңғы 4 жылда екі есе өсті. Ол да біздің ұсынысымыз бойынша.

Аян Сәлімгереев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы:

- Біз жастар арасындағы қазіргі трендтерді қазіргі тенденцияларды қарастыру арқылы мәселен климаттың өзгеруі, жасанды интеллект дамып жатыр. Осы салалардың барлығын қамтып, Кәсіподақтардың басты жұмыстарының бірі ұжымдық келісім шарт, салалық келесім сияқты мәселелердің мысалын көрсетіп, жастардың ролін түсіндірмекпіз.