Қазақстан 24 млн тоннадан астам астық жинады
Ел диқандары 24 миллион тоннадан астам бидайды қамбаға құйды. Егіннің орташа өнімділігі гектарынан 15 центнерден шықты.
Бұл туралы Ақмола облысының шаруаларымен кездескен ауыл шаруашылығы министрі айтты. Айдарбек Сапаров егіс алқаптарын аралап, элеваторлардың жұмысын бағалады. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан шаруаларға көрсетілетін қолдау артып, қаржыландыру мәселесі айтарлықтай шешілді, деді министр.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
- Уақытында қаржыландыру мәселесі шешілді. Бұрын ондай қаржыландыру болған жоқ. 140 млрд теңгеден аспайтын. Биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен 580 миллиард бөлінді. 3 есе көп. Бұл таза субсидиясыз 5 пайызға беріліп отыр. Шаруашылықтарға өте ыңғайлы.