Абай облысының шаруаларына ₸2 млрд несие берілді
Абай облысының шаруаларына 2 миллиард теңге несие берілді.
Қаражат фермаларды дамыту жобаларын жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет тарапынан қолдауға ие болған, екі шаруа қожалығы шетелден 600-ден астам, сауынды сиыр сатып алды. Сүт фермалары техникалық базасын жаңартып, жабдықтар алып жатыр.
Қалиханұлы» шаруа қожалығының сүт өнімдері көпшілікке «Айша» деген сауда маркасымен танымал. Семейдегі сүт өңдейтін зауыттан 17 түрлі өнім шығады. Қазір кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында шетелден 252 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алды.
Марат Қалиханұлы, "Қалиханұлы" шаруа қожалығының басшысы:
- Бүкіл халықты ойлап отыр үкімет. Өйткені таза, табиғи сүтпен қамтамасыз ету керек халықты. Соған үлкен көмек болып жатыр. Соның арқасында біздің қолымыз жетті, осындай мал алып жатырмыз шет елден. Техниканың бәрі шетелдікі.
Көкпекті ауданындағы «Өрнек» серіктестігі Германиядан биыл 349 бас сауынды сиыр әкелді. Шаруа қожалығында күніне 700 сиыр сауылып 10-11 тонна сүт алынады. Шаруашылықта 150 адам жұмыс істейді.
Ержан Қойгелдин, «Өрнек» ЖШС директоры:
- Бес жүз миллионға біз осы жерге керекті техниканы сатып алдық. Ол комбайн, зерноуборочный комбайн. Одан кейін камаздар осы силаз, сенаж таситын. Тракторлар алдық.
Әр шаруашылыққа 1 млрд теңге несие төмен пайыздық үстемемен 10 жылға берілді. Алғашқы уақытта кредиттік демалыс та қарастырылған.
Бауыржан Артықбаев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Шаруа қожалықтарына қойылатын талаптар бар. Мысалы, техникалық базасы, егістік және жайылымдық жері болуы керек. Осы салада 5 жыл жұмыс істеуі шарт. Қаражат осы талаптарға жауап беретін кәсіпкерлерге берілді.
Биыл агроөнеркәсіптік кешен саласында 6 млрд теңге несиеге 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов