Петропавлдағы зауыт отандық полипропиленнен өнім өндіруді арттырды
Атыраудағы «Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк» зауыты биылдың 9 айында полипропиленнің ішкі нарықтағы үлесін 4 есе арттырды.
Бұл ең алдымен импорттық тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді. Қазір кәсіпорын отандық тауар өндірушілерді сапалы шикізатпен қамтып отыр.
«Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк» компаниясы шығаратын полипропилен импорттың бәсін басып, отандық тауар өндірушілерді тәуелділіктен арылтты. Мысалы, Петропавлдағы «Радуга KDR» зауыты осы шикізатты пайдалана отырып, халық тұтынатын шелек, шара секілді 500-ден аса тұрмыстық пластик затын жасайды.
Степан Новокрещенов, металл пластикалық өнімдер зауытының директоры:
- Қазақстанда «KPI» зауыты ашылғанда өнімін өндірісте тексеріп көрдік. Сапасы жақсы екен. Әрі қымбат емес. Шетелден шикізатты көп тосатын едік. Ал қазір тез жетеді. Ұзақ мерзімді тапсырыстарды ойланбай ала береміз.
Атырау
Қазір Атыраудағы газ-химия кешенінде полипропиленнің 8 маркасы шығарылады. Компания өнімі отандық қайта өңдеушілер үшін қолайлы бағамен сатылады. Әрі жедел жеткізіледі. «KPI» зауыты тапсырыс берген әр кәсіпкерге жан-жақты қызмет көрсетеді.
Петропавл
Әсия Төлеусова, "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС ішкі нарыққа сату бөлімінің бас маманы:
- Сонымен қатар «KPI» компаниясы кәсіпкерлерге техникалық қызмет көрсетеді. Яғни шикізатты қайта өңдеушінің талабына сай етіп жасайды. Одан бөлек отандық тауар өндірушілер біздің бағдарлама арқылы ішкі нарықта импортты алмастырып, экспортқа шыға алады.
Атырау
«KPI» зауыты отандық тауар өндірушілерді қолдауға дайын. Енді олар Астанада ірі қойма ашуды жоспарлап отыр. Бұған дейін компания Алматыда қойма ашып, оңтүстіктегі өндеушілермен жұмыс істеген.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков