Баспананың қайталама нарығында баға 5% өсті

Мамандар пікірін статистикалық көрсеткіштер да растап отыр.

Мәселен, өткен айда тұрғын үйді сату және алу бойынша 40 мыңға жуық мәміле жасалған. Оның төрттен бірі жеке тұрғын үйлер болса, қалғаны көп қабатты үйлерге тиесілі. Бұл - тамыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 3 пайызға төмен. Қыркүйекте  жылжымайтын мүлікті кімдер көбірек сатып алған?

Мәмілелер саны бойынша әдеттегідей ірі қалалар көш басында. Мәселен, өткен айда 8 мыңнан астам алматылық  үй сатып алған. Бұл нарықтағы сауда-саттықтың 20 пайызын құрайды. Ал ең төменгі көрсеткіш Ұлытау өңірінде. Мұнда небәрі 396 мәміле жасалған. 

Ал жылжымайтын мүліктің қайталама нарығында баға бір жыл ішінде 5% өсті. Статистика бюросының деректеріне сүйенсек, ең жоғары баға Ақтөбеде тіркелген. Онда өсім шамамен 8 пайызды құрады. Яғни баспананың бір шаршы метрі 281 мың теңгеден жоғары. Екінші орында 7,2 пайызбен Талдықорған қаласы тұр. Мұнда шаршы метр құны 335 мың теңгеге жуықтайды. Үштікті Сыр өңірі түйіндеді. Қызылорда қаласындағы пәтер бағасы 7,1 пайызға қымбаттап, шаршы метр құны 337 мың теңгеден асты. Мамандар бұл үрдіс қарқын ала береді деген пікірде. 

Жылжымайтын мүлік 5% қымбаттады

Пәтер жалдау құны 8,4% өсті 

ҚР Ұлттық статистика бюросы 

Ақтөбе - 7,9%

Шаршы метрі - 281,5 мың тг 

Талдықорған - 7,2%

Шаршы метрі - 334,8 мың тг 

Қызылорда - 7,1%

Шаршы метрі - 337,5 мың тг 

ҚР Ұлттық статистика бюросы 

Лев Тетин, тұрғын үй нарығы сарапшысы:

- Тұрғын үй қымбаттай береді. Болашақта қолданысқа берілетін тұрғын-үй көлемі азаяды деген болжам бар. Өйткені, қалалардағы, оның ішінде мегаполистердегі инфрақұрылым дайын емес. Құрылысқа берілетін жер де азайып барады. Оның үстіне су мен жылу жетпей қалатын кездер бар. Осының бәрі құрылыс көлемі азаюына алып келеді. Салдарынан үй қымбаттайды.