Доллар криптонарыққа әсер етті

Таяу Шығыстағы қақтығыс пен АҚШ-тағы алапат дауыл әлемдік нарыққа әсер етті.

АҚШ-та тұтыну бағасының индексі жарияланды. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша оның жылдық мәні 2,4 пайыз. Бұл алдын ала жасалған болжамнан 0,1 процентке жоғары. Тұтыну индексі жария болған сәтте биткоин бағасына да бірден әсер етті. Аталған криптовалюта 1 пайызға төмендеп, 60 мың 500 доллардан саудалана бастады. Бірақ сарапшылар блокчейн-нарығы жыл соңына қарай қайта қарқын алуы мүмкін деп болжайды.