Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгерте ме?
Елде базалық мөлшерлеме өзгермейді.
Қаржы сарапшыларының болжамы осы. Қазан айының басында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы дәстүрлі сауалнамасын жүргізген. Оған қатысушылардың 75 пайызы базалық мөлшерлеменің сақталатынын пайымдайды. "Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 14,25 пайыз деңгейінде қалдыратындай салмақты себебі бар. «Ол инфляциялық қауіптердің сақталуы», – дейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшысы Рамазан Досов.
Рамазан Досов, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшысы:
- Базалық мөлшерлеменің сақталуына 3 фактор әсер етуі мүмкін. Біріншісі –бюджет шығындарының ұлғаюы. Себебі бюджетіміз әлеуметтік салаларға ыңғайланған. Сонымен бірге тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында реформалар жүргізіліп жатыр. Осының әсерінен біртіндеп коммуналдық қызметтердің қымбаттап жатқаны байқалады. Тиісінше өзге де қызметтердің бағасы өсе түскен. Үшінші себеп – теңгенің долларға шаққандағы бағамның құбылуы.