Базалық мөлшерлеме 14,25% деңгейінде сақталады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Шілдеде байқалған инфляция өсімі тамыз бен қыркүйекте біртіндеп баяулаған. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, инфляция болжамды мөлшерде қалыптасқанымен, 5%-тік таргеттен жоғарырақ деңгейде сақталып отыр. Бұған сыртқы факторлар әсер етті.

Атап айтқанда, дүниежүзілік азық-түлік тауарларының қымбаттауы мен Ресейдегі инфляцияның өсуі едәуір ықпалын тигізген. Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешім 29 қарашада жарияланады.