Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы $40 млн құрады

Олжас Бектенов Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Биыл екіжақты тауар айналымы 16%-ға өсіп, шамамен 40 млн долларды құрады. Қазақстан Пәкістан нарығына жалпы құны 490 млн доллардан асатын 85 тауар түрі бойынша жеткізу көлемін арттыруға дайын. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа назар аударылды. Қазақстаннан әкелінетін көкөністер мен дәнді дақылдар Пәкістан нарығында сұранысқа ие. Атап айтсақ, қаңтар-тамызда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемі 2 есеге жуық өсіп, 7,7 млн долларды құраған. Енді Қазақстан Үкіметі Пәкістанға дәнді дақылдар жеткізу көлемін жыл сайын 2 млн тоннаға дейін арттыруға дайын.