23 микроқаржылық ұйым лицензиясынан айырылды
Жыл басынан бері 23 микроқаржылық ұйым лицензиясынан айырылды.
Осы уақыт ішінде бұл мекемелерге қатысты 359 протокол толтырылған. Оның 259-ы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 90 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қалғаны сотқа жіберілген. Заң талаптарын жиі бұзатын ұйымдардың жұмысы қалай реттелмек?
- Жолым ашылса, мен кредит дегенге жоламаспын. Кредитін көрмеспін де. Мен жұмысымды істеп, сол Алланың берген несібесін, айлығын алып, бала-шағамды асырап отырам. Болды. Маған артық ешнәрсе керек емес.
Несие қамытын тартудан шаршаған ананың сөзі бұл. Шымкент қаласының тұрғыны Мереке Мамырова 2017 жылы қаржылық қиындыққа тап болған. Пәтер ақысын төлеу үшін микро-қаржы ұйымынан қарыз алады. Ол борышын өтеу үшін басқа бір ұйымнан несие рәсімдеген. Осылайша шырғалаңға түскен ол жұбайының атынан да қарыз алады. Берешектер бір-біріне жамала берген соң, отбасының басындағы несиесі он миллионға жуықтаған.
Мереке Мамырова, қала тұрғыны:
- Әлі сол кредиттерім жабылған жоқ. Соның салдарынан кіріп-кіріп келіп мен шоттарым арестке түседі. Арестке оның біреуін жапсаң біреуі қайтадан шығады. Ешқандай мүмкіндігім болған жоқ. Ол көбейіп кетті, проценті көбейіп кетті. Кейін процентін де алып тастады. Бірақ ешқашан арестен еш көзім аша алмай отырмын қазіргі таңда. Соның салдарынан отбаслық жағдайым бұзылды. Мен жолдасым екі жаққа кеттік айырылыстық.
36 жастағы ана қазір декреттік демалыста. Төрт баласы бар мұғалім қазір азық-түліктің өзін дүкеннен қарызға алады. Себебі тапқан табысы несиенің пайызын жабуға да жетпей қалған.
Экономист Лаззат Нұрғалиқызы несие жүктемесі басынан асып кеткен азаматтардың тым көптігін айтады. Маманның сөзінше, ешқандай шектеусіз қарыз таратып жүрген қаржылық ұйымдар бар. Оған көбіне еңбекке араласып үлгермеген, табысын дәлелдей алмайтын жастар үйір. Сондықтан, бұл мекемелерді қатаң бақылау керек дейді ол.
Ләззат Нұрғалиқызы, экономист:
- Біздің әлі жұмысқа кірісіп, мемлекетке табыс тауып, салық төлемесе де, студент шағынан бастап осы несиеге байланған жастарымыз әрі қарай не болады? Сондықтан бұл ең басты сыртынан рәсімделіп кету, осындай пайызы өте жоғары кіші қаржылық ұйымдардың шектеуі жоқ. Егер ол қарызын төлей алмай жатса екінші қарызды бермеу керек деген де мысалы шешімдер қабылданды. Бірақ сол заң жүзінде қаншалықты жұмыс жасап жатыр? Жұмыс жасап жатқан жоқ.
Жыл басынан бері 23 микроқаржылық ұйым лицензиясынан айырылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі олардың қызметін заң талаптарын сақтамағаны үшін тоқтатқан. Бұл мекемелер көбіне тұтынушының төлем қабілеті мен жүктемесін тексермей қарыз берумен, шектен тыс пайыздық мөлшерлеме тағайындаумен, тіпті өз-өзіне шектеу қойған азаматтарға несие рәсімдеумен айналысқан. Сондықтан жақында банк және микроқаржы ұйымдарына нақты талаптар қойылғған қағида бекітілді. Оған сәйкес, азаматтар сомасы мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кредит рәсімдеу үшін жұбайының рұқсатын алуға міндеттелді.
Бэлла Чиканова, қаржы тұтынушылараның құқықтарын қорғау жүйесін дамыту басқармасының бастығы:
- Қағаз түрінде немесе электронды түрде алуға болады. Егер электронды түрде алатын болса, ол яғни сол банктің немесе микроқаржылық ұйымның мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Немесе егов порталы арқылы да беруге болады сондай келісімді. Және ол келісімде қандай мәселелер көрсетілуі керек? Сол туралы да жазылған.
Одан бөлек берілетін кредиттің сомасына да шектеу қойылған. Яғни енді микроқаржы ұйымы 1100 АЕК немесе 4 млн теңгеден асатын қарызды кепілсіз бермейді.
Серік Селеубайұлы