Жамбыл облысында химиялық зауыт салынып жатыр

Жамбыл облысында жылына 1 млн тонна өнім өндіретін бірегей химиялық зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Ерекшелігі сол, шикізат толықтай өңделіп, 5 түрлі өнім шығарады. Жоба құны 1 миллиард доллардан асады. Инвестицияны әлемдік алпауыт ЕуроХим компаниясы құяды. Кәсіпорын құрылысы 2023 жылы басталған. Жоба іске қосылса 1000-нан аса жұмыс орны ашылады. Ал жалпы өндіріс 2027 жылы ашылмақ. Мамандар: «Кәсіпорын – барлық экологиялық нормаға сай келетін жоба», – дейді. 

Нұрсұлтан Жүсіпов, зауыттың еңбекті қорғау және экология басқармасының басшысы:

- НДТ-ға сай қылып жобалап, соны іске қосқалы жатыр. Қазір қайта абсорбциялау технологиясы қолданылып шығатын зиянды газдарды мейлінше таза қылып, ешқандай газ шықпайтындай жобалап жатыр. Сол жоба іске қосқаннан кейін «сбростар, выбростар» азаяды, мүлде болмайды деуге де келеді.