Қазақстанда электрондық сауданы оқыту курсынан 2 мың адам өтті
Биыл елімізде алғаш рет электронды сауда саласындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылай қолдау қарастырылып отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір онлайн сауда қызып тұр. Соған орай мемлекет тарапынан да қолдау көрсетіледі. Кәсіпкерлер үшін несие мен лизингтің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдендіру қарастырылған. Сәйкесінше өндірілген тауарларды сауда платформаларына шығарған кезде «Қазақстанда жасалған» деген таңба болуы міндеттеледі.
Маркетплейстерде сатылған тауарлардың 27%-і телефондар мен гаджеттер болса, 11%-тен астамы – тұрмыстық техника. Одан кейін компьютер жабдықтары тұр. Олардың үлесі 10% шамасында. Ал сұраныстағы бестікті автокөлік тауарлары түйіндейді. Сауда платформаларында бөлшек сауда үшін орташа чек 15 мың теңгеге жуықтайды.
Іскер жандарға электрондық сауда саласы оқытыла бастады. Жобаны елдің барлық өңірінде жүзеге асыру жоспарланған.
Қазірдің өзінде 2 мыңдай адам арнайы оқыту курсынан өтті. Оның көбі Астана қаласында білім алған. Одан кейін Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының кәсіпкерлері белсенділік танытып жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, жоғары оқу орындарында электрондық коммерция саласы бойынша мамандар даярлауға көңіл бөлінді.