Шаруаларды астықты сату мәселесі алаңдатады

Биыл елде соңғы он жылда болмаған мол астық алынды.

Енді оны қалай сақтап, қайда өткіземіз деген мәселе туындап отыр. Парламент Мәжілісінің  Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің Қостанайда өткен көшпелі отырысында салаға қатысты мәселелер көтерілді. Субсидия бойынша қостанайлық шаруаларға берешек 46 миллиард тенгеге жеткен. Тиесілі қаржыны ала алмаған диқандардың қазір жағдайы қиын. Сондықтан олар ұзақ мерзімді мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдерін енгізуді сұрайды. Ресейдің  өз аумағы арқылы Қазақстан астығын экспорттауға тыйым салуы да жағдайды ушықтырды. Соған байланысты отандық өндірушілер өз өнімін Еуропа елдеріне  жеткізе алмай отыр.

Серік Егізбаев,  ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы: 

- Мыңдаған, миллиондаған тонналар тоқтап қалуы ықтимал.Бірақ мен ойлаймын үкіметте, депутаттарда біздер қатысамыз, сосын бір дипломатиялық ретте болсын, басқа  жолда болсын шешу жолдарын табуға, соның ішінде тез арада табуымыз керек. Оның қызып кететін технологиялар бар, бүлініп кететін технологиялар бар, сондықтан уақыт аз қалды. Бір нақты шешім қабылдау керек.