Еліміздегі ең үлкен Aport Mall East бір жылдығын атап өтті

Алматының шығысында бір жыл бұрын ашылған еліміздегі ең үлкен Aport Mall East туған күнін атап өтуде.

Сауда, ойын-сауық орталығы мерекенің сәнін келтіру үшін қомақты ұтыс ойындарын ұйымдастырды. Басты жүлде пәтер немесе миллион теңгелік сауда сертификаты. Оған осы орталықтан сауда жасаған кез-келген адам қатыса алады. Ұйымдастырушылар осындай ұтыс ойындарын дәстүрге айналдырмақ.

Еліміздегі ең үлкен сауда, ойын-сауық орталығы Aport Mall East тура бір жыл бұрын ашылды. Осы уақыт аралығында оррталық 9 миллионнан аса адамды қабылдаған. Оларға 3 мыңнан астам қызметкер мен екі жүзден аса кәсіпкерлік қызмет көрсетеді. Мұнда отбасылық демалыс пен саудаға, ойын-сауыққа барлық жағдай жасалған. Орталық туған күніне орай қомақты ұтыс ұйымдастырыпты. 

Сабыр Жансағымов, Aport Mall East басшысының орынбасары:

- Әрбір қонағымыз Aport Mall East сауда жасап, 10 мың теңгеден жоғары сауда жасаса ұтыс ойынына қатыса алады. Ресепшнге келіп, түбіртекті купондарға ауыстырып лототронға салып, әрі қарай қатыса берсе болады. 

Басты жүлде пәтер, одан кейін миллион теңгелік сертификат және көптеген бағалы сыйлықтар бар. Aport Mall East қала ішіндегі қалашық жобасымен салынған. Үлкен аумақта келушілерге қажеттінің бәрі бар. Сондықтан жаңа дүкендер саны да артып келеді. Сауда, ойын-сауық орталығының мәліметінше, Aport Mall East арқылы елімізге танымал 100 жаңа бренд кірген. 

Сабыр Жансағымов, Aport Mall East басшысының орынбасары:

- Алматы қаласының шығыс жағындағы социалды экономикасына үлкен үлес қосып отырмыз деп ойлаймыз. Сандарға келетін болсақ 3 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Қазіргі уақытта бізде 200-ден астам дүкеніміз ашылды. Оның ішінде ең бастысы біздің Испанияның 7 бренді де бар.

Lifestyle моллы ашылғалы бері қаланың шығысы әлеуметтік және экономикалық тұрғыда қарқында дами бастады. Aport Mall East еліміздегі сауда мен ойын-сауық саласындағы ең ірі орталық және Орталық Азия бойынша да көш бастап тұр. 

Аршын Кемелжан, Валентин Лобанов