СҚО-ның агроөнеркәсіп саласында 42 жоба іске қосылады

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласында өндірілетін өнімнің жалпы көлемі 80 есеге өсті.

Мысалы, былтыр жергілікті тауар өндірушілер 760 млрд. теңгенің тауарын шығарды.

Елмен бірге есейген ауыл еңбеккерлерінің жетістігі.

Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің басты астықты аймағы. Жергілікті диқандар ел қамбасын жыл сайын мол өніммен толтырады. Биыл да солай болды. Осы жылы өңірде 6 млн тоннадан аса бидай жиналды. «Ал Тәуелсіздік алған жылдары бұл көрсеткіш едәуір төмен еді, дейді сала мамандары. 

Жалғас Сүлейменов,тауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- 1991 жылы өңірде 1,9 млн. тонна бидай жиналды. Ол кезде әр гектардан 6,4 центнер өнім шығатын. Қазір бұл көрсеткіш үш есеге артты. Бұның бәрі тың технологиялардың арқасы деп санаймыз. 

Өңірде Тәуелсіздік жылдары егіншілікпен қатар мал шаруашылығы да қанатын кеңге жайды. Қазір облыс бойынша 106 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Оның 38 - і заманауи. Фермерлер алыс-жақын шетелдерден асылтұқымды мал әкеліп, қайта өңдеу саласы да дамыды. 

Владимир Гердт, шаруа қожалығының басшысы:

- Фермада тәулігіне 6-6,5 тонна сүт өндіріледі. Оны облыс орталығындағы қайта өңдеу зауытына тапсырамыз. Енді өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Қазір тағы 150 сиыр бұзаулайын деп тұр. 

Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп саласы да жақсы дамып келеді. Облыс орталығында «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Қазір мұнда 20 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі – ағашты терең өңдеу зауыты.  

Оғызхан Челик, комбинат директоры:

- Инвестициямыз қазір бірінші зауытымызда 5 млрд теңге болды, қазір 8 млрд теңге. Уже 13 млрд теңге инвестициямыз болды регионымызда. Компаниямызда примерно қазір 400 - 450 адам жұмыс істеп жатыр. 

Өңірде агроөнеркәсіп саласын дамытудың жол картасы қабылданды. Оның аясында 2026 жылға дейін 42 ірі жоба жүзеге асырылады. Инвестиция құны 77 млрд теңге.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков