Логистика және қойма бизнесі дамып келеді
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша электронды сауда нарығы бір жылда 24 пайызға өсіп, 2 трлн теңгеден асты.
Соның арқасында цифрлы саудаға қызмет көрсететін логистика және қойма нысандарының саны өсіп келеді. Әсіресе шағын кәсіпкерліктер тарапынан логистикаға қызығушылық жоғары.
1 қазандағы жағдай бойынша логистика және қойма саласындағы белсенді жеке кәсіпкерлердің саны 95 мыңға жуықтады. Яғни былтырғымен салыстырғанда 26,8 пайызға өсті. Дегенмен, электронды саудада тауар сапасы төмен болатын жағдайлар жиі кездеседі дейді мамандар.
Логистика және қойма саласы
Белсенді жеке кәсіпкер – 94,9 мың
Өсім – 26,8%
Көрсетілген қызмет құны – ₸439,7 млрд
Меруерт Махмұтова, сарапшы:
- Өзіміздің ішкі саудамен айналысатын кәсіпкерлерге айтарым, ең біріншіден сапанаың, тауардың сапасы жоғары болуы керек. Оны тұтынушыға жібергеннен бұрын оны тексеру керек қаншалықтай кісінің берген сұранысы осы тауармен дұрыс болып тұр ма, бұрыс болып тұр ма, сол жағынан көңіл аудару керек. ең біріншіден электронды саудаға да сапа қажет.