Жаңа көпір ШҚО-ның экономикалық дамуына серпін береді

Бұқтырма су қоймасы үстінен салынған көпір Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді, деп хабарлайды 24KZ. Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы түйткілді мәселені шешуге бағытталған.

Көпір алты ауданды атап айтқанда: Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсанды байланыстырып отыр. Жалпы ұзындығы 1316 метр екіжолақты автокөлік өткелі  –Қазақстандағы су үстінен өтетін ең ұзын көпір. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды. Тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол да тартылды.