Қазақстан Қытайға бидай экспортын ұлғайтты

Еліміз Қытайға бидай экспортын ұлғайтты, деп хабарлайды 24kz.

Былтыр көрсеткіш 538 мың тоннаға жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15 есе артық. Мұны Үкімет отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді. Жалпы еліміздің астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаға бағаланады. Оның 7,5 млн тоннасы бидайға, 1,5 млн-ы арпаға, 300 мың тоннасы жүгеріге тиесілі. Ал майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады. Бұдан бөлек, вице-министр еліміздің Орталық Азия мен Ауғанстан елдеріне астық жеткізуді жалғастыра беретінін айтты.

Қазақстанның экспорттық әлеуеті – 12 млн тонна

7,5 млн тонна – бидай

1,5 млн тонна – арпа

300000 тонна – жүгері