Астық экспорттаушыларға субсидия берілуі мүмкін

Қазақстан астық экспортын еселеуге ниетті. 12 млн тонна өнімді сыртқа шығаруға әлеуетіміз бар. Оның үстіне жиналған астық қоры рекордтық деңгейде. 26 млн тоннасын қамбаға құйдық. Енді өнімді тасымалдауға дайындығымыз қандай?

Астық экспорттаушыларға субсидия берілуі мүмкін

Елде экспортқа жөнелтілетін астық тасымалы субсидиялануы мүмкін. Мұндай бастамаға отандық астықты импорттайтын елдер санының қысқаруы әсер еткен. Жыл басынан бері отандық экспорт 40%-ке төмендеді. Үкімет басшысы жөнелтілетін астықтың 45%-ке дейіні Орталық Азия теміржолдары арқылы өтетінін айтты. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін логистика шығындарын азайту маңызды. Бұл ретте трейдерлерге қолдау қажет. Қазір Қазақстан 12 млн тонна астық экспорттауға қауқарлы. Оның 7,5 млн-ы бидай, 1,4 млн тоннасы арпа, 300 мың тоннасы жүгеріге тиесілі. Майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады. Қазақстандық астықты Орталық Азия, Ауғанстан мен Иран тұтынады. Қытай елімізден 15 есе көп бидай алды. Енді осы және өзге Азия нарығына 1,6 млн тонна астық жіберу көзделеді. Түркия мен Таяу Шығыс 1 млн тоннаға сұрау салды. Еуропа мен Солтүстік Африка нарығын да қамту жоспары бар.

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

- Қазақстан қаңтар-тамыз айларында бидай экспорты 3,13 млн тонна құрады. 39%-ке төмен. Біз экспорттық нарықтардың географиясын тарылуын байқап отырмыз. Негізгі экспорттық нарықтар Италия, Түрікменстан және Ауғанстан, Ресей, Қазақстанның бидай тұтынуын бірнеше есе азайтты. Бұл экспорттық бағалардың демпингіне байланысты болды. Ол Қазақстанның бидайының Орталық Азиядағы негізгі экспорттық нарықтарына ауысуы себеп.

 

6 мың астық тасушы экспортқа дайын

Елдегі 12 мыңға жуық астық тасушының 6 мыңы ғана экспортқа арналған. Бұл туралы Көлік министрі мәлімдеді. Марат Қарабаев жабық вагондардың 16 мыңы азық-түлік корпорациясының тапсырысын, сондай-ақ Қытайға жөнелтілетін астық пен еленген өнімдерді жеткізуге бағытталғанын айтты. 

 

Жүк вагондарының өндірісі артты

Министр биыл 185 локомотивтің сатып алынғанын жеткізді. Оның ішінде отандық өнім де бар. Биыл елде жүк вагондарының өндірісі артты. Өндірушілер 590 вагонды нарыққа шығарған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 4,6 есе көп. Бұған «Қазақстан темір жолы» ҰК тарапынан жүк және жолаушылар вагондарына тапсырыстың артуы және паркті жаңарту жұмыстары әсер етті.

 

Көлік және қойма секторына сұраныс артты

Бір жылда көлік және қоймалау секторындағы өсім 108%-ке жетті. Елдегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 5%-і осы салада еңбек етеді. Әсіресе шағын кәсіпкерліктің үлесі айтарлықтай. Қатарға қосылған субъектілер 22%-ке өсіп, 112 мың бірлікке жеткен. Ал нарықтағы орнын айқындағаны – 95 мың бірлік. Қаңтар-сәуір аралығында көлік және қоймалау саласындағы ШОБ субъектілері 1,2 трлн теңге өнім шығарған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 34%-ке артық. Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары: «Көрсеткіштің ел ішінде де, халықаралық нарықтарда да тасымалдау және сақтау қызметтеріне сұраныс артқанына дәлел», – деді. Биыл аталған секторда 225 459 адам жұмыспен қамтылған. Бұл өткен жылғыдан 15%-ке көп.