Қазақстанда өндіріс көлемі 4,8% өсті

Биыл елде өндіріс көлемі 5%-ке артты.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады. Өсім әсіресе, жиһаз, химия өнеркәсібі, металлургия мен машина жасау салаларында байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты 6,5%-ке ұлғайды. Оның ішінде негізгі тауарлар – өндірістік сорғы, кабельдер, тіркемелер мен арматура. Ал импорт көлемі 7%-ке төмендеген. Енді отандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрі жасақталмақ. Сол тізімдегі кәсіпорындар мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады.

Олжас Сапарбеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Биыл өңдеу өнеркәсібі саласында 180 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың жалпы құны 1,3 трлн теңге. Осы жобалар аясында 15 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазірдің өзінде 56 жоба іске асырылды. Қалғандары аяқталуға жақын. Елде бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кешендерін құруға басымдық беріліп жатыр.