Елімізде отандық өндірушілерді қолдау көлемі ₸1 трлн-нан асты
Жыл басынан бері отандық өндірушілермен жалпы сомасы 1 трлн теңгеден асатын 8917 шарт жасалған, деп хабарлайды 24kz.
Осылайша, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жергілікті өндірушілерден сатып алу көлемі екі есеге артқан.
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысында айтылды. Жиында Үкімет басшысы ішкі ресурстардың есебінен импортты көбірек алмастыруға ұмтылу керектігін мәлімдеді. Отандық тауар өндірушіні жан-жақты қолдау саясаты өз нәтижесін беруде.
«Біз бұл шараларды жалғастырып, Қазақстанды қамту үлесін арттырамыз, - деді Олжас Бектенов.