Экономикамыз биыл 5,6%-ға өсуі мүмкін
33 жылда ел экономикасы түрлі сын қатерлермен бетпе-бет келіп, талай реформаға тап болды.
Осы кезеңге көз жүгіртсек, Қазақстан 4 дағдарысты еңсерді.
Алдымен 1991-96 жылдары кеңес одағы ыдырағанда пост кеңестік дағдарыс болды. Бұл уақытта Қазақстан жоспарлы экономикадан, нарықтық экономикаға өтті. Араға бір жыл салып Азиядағы қаржылық дағдағыс басталды. Одан кейін он жылдай қалпына келген соң 2007 жылы Әлемдік экономикалық дағдарысты бастан кештік. Одан өткен соң жаһанға жайылған коронавирус пандемиясы басталды. Салдыранан 2020-2021 жылдарды коронакризис деп атады.
Қазақстан өз тарихында 4 дағдарысты өткерді
1991-1996 Посткеңестік кезеңдегі дағдарыс
1997-1998 Азия қаржылық дағдарысы
2007-2009 Әлемдік экономикалық дағдарыс
2019-2021 Коронавирус кезіндегі дағдарыс
Енді бүгінге оралайық, Президент 2029 жылдың соңына дейін Үкіметке жалпы ішкі өнімді 450 млрд долларға дейін ұлғайтуды тапсырды. Экономикалық зерттеулер институтының болжамынша, бұл көрсеткішке жету үшін ел экономикасы жыл сайын кемінде 6%-ға нақты түрде өсу керек. Ал биыл биылғы меже 5,5% құрайды дейді институт маманы. Бұдан бөлек алдағы жылдары елде бюджеттік және сауда дағдарысы болуы мүмкін деген болжам айтылған. Бірақ экономика министрі мұны жоққа шығарды.
Нұрлан Байбазаров, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-ұлттық экономика министрі:
- Ешқандай дағдарыс күтілмейді. Қазақстан Республикасы өсуін жалғастырады. Келесі жылы өсу 5,6-5,7% күтілуде біздің болжам бойынша. Сондықтан экономикалық өсу жалғасатын болады. Елімізде қаншама ауқымды құрылыс жүріп жатыр, жолдар салынып жатыр, әлеуметтік үй салынып жатыр. Ипотека мәселелері биыл мемлекет 400 млрд теңге Отбасы банк арқылы жеңілдетілегн несие беріәп жатыр халыққа.
Сарапшылардың пайымдауынша, соңғы он жылда жалпы ішкі өнім 3 есе өскен. 2010 жылдан бері индустриалды бағдарламалар іске асырылып келеді. Соның арқасында қазір экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі, тау-кен секторынан асып түсті. Бұл экономиканың маңызды секторы.
Нұрлан Байбазаров, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-ұлттық экономика министрі:
- Экономиканың өсуі қазір мұнай саласына тәуелді емес, ол тек қана өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік сауда, саласы қарқынды өсіп жатыр. соның арқасында экономикалық өсімді қамтамасыз етіп отырмыз.
Экономика ішкі сыртықы факторларға тәуелді. Тұрақтылықты сақтау үшін қаржыландыру да ауқымды болу шарт. түрлі жобаларды іске асыруда Қазақстан тікелей шетелдік инвестиция тартудан ТМД елдерінен озды.
Ерділдә Тәутенов, экономикалық зерттеулер институты басқарма төрағасының орынбасары:
- 2023 жылы тікелей инвестициялардың мөлшері 28 млрд доллардан асты. Бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Ал биылғы жылғы алты айды алатын болсақ. Оның көлемі 9,8 миллиардты құрап отыр. Нидерланды елі бірінші орынды алып отыр біздің елге инвестиция әкелу жөнінен. Олар 2 миллиард доллардан астам алып келген екен. Екінші орында Ресей Федерациясынан 1,7 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестициялар тартылған.
Қазақстан экономикасы даму мен дағдарысты қатар өткеріп, әртараптандыруға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған саясатты жалғастырып келеді. Сарапшылар шикізатты қайта өңдеу және жергілікті өндірісті дамыту арқылы қосылған құнды ұлғайту мәселесі өте өзекті дейді. Агроөнеркәсіп, энергетика мен туризм, IT секторынан да үміт көп.
Ғазиза Мұхамеджанова, Ержан Рахманбердиев