О.Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға қатысты тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды 24kz.

Жиында мемлекеттік сатып алуларды және кәсіпкерлерге қажетті мемлекеттік бағдарламаларын цифрландыру мәселесі талқыланды. Қазір елде екі мыңнан астам отандық кәсіпорынның деректері цифрландырып, арнайы ақпараттық платформаға біріктірілді. «Бұл мемлекеттік қолдауларды қолжетімді етіп, оның нәтижесін бақылауға сеп болады», - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев. Кеңесте сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, денсаулық сақтау, Қаржы министрліктерінің басшылары да атқарылған жұмыстары туралы баяндады.