СҚО-да автогаз тек талонмен сатылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында да автогаз тапшы, деп хабарлайды 24KZ. Қазір өңірдегі жанармай құю бекеттерінде көгілдір отын талонмен ғана сатылады. Кей жерлерде ол да жоқ. Мәселе қашан шешіледі?

Солтүстік Қазақстан облысында көлігін көгілдір отынмен оталдыратын жүргізушілер көшелерді кезіп, бекеттерді жағалап жүр. Өңірде газ қат.

Солтүстік Қазақстан облысында 100-ден аса газ құю станциясы жұмыс істейді. Қазір қайда барсаң да, осындай көрініс көгілдір отын талонмен ғана сатылады.

Жүргізушілердің айтуынша, қазір талонды да табу қиын. Сондықтан бәрі қайтадан бензинге ауысты. Бірақ оның өзін де кей жерлерде ақшаға құя алмайсың.

Бекежан Нұрмұқанов, қала тұрғыны:

- Газ уже үшінші апта жоқ. Кей жерде болады, кей жерлерде жоқ. Бензинмен жүрміз. Қазір бензин де талонмен беріліп жатыр. Кеше екі «заправкаға» соқтым, онда да бензин талонмен дейді. Бағаны көтерейін деп тұрған шығар. Солай деп ойлаймын, өз ойым енді.

Мамандар көгілдір отынның тапшылығын жылыту маусымы және орақ науқанымен байланыстырып отыр. «Биыл ылғалды бидайды кептіру үшін элеваторларға көп газ кетті», – дейді олар. Оның үстіне Ақтөбедегі мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылып қалған. Сондықтан жергілікті билік өкілдері тиісті министрлікке хат жолдады.

Максим Сизов, энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Облыс аумағында 17 газбен жабдықтаушы ұйым көгілдір отын сатумен айналысады. Бүгінде 503 жарым тонна қорымыз бар. Шамамен 1300 тонна газ жолда келе жатыр. Осы аптаның ішінде газ стансыға келе бастайды және газбен жабдықтаушы ұйымдар газды жөнелтеді.

Солтүстік Қазақстан облысында айына 6 мың тонна газ жағылады. Ал баллонмен сатылатын көгілдір отынға тапшылық жоқ.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков.