Солтүстік Қазақстан облысына «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2700-ден астам квота бөлінді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2700-ден аса квота бөлінді.

Оңтүстік өңірлерден көшіп келгендерге көтермеақы мен баспана алуға пәтердің жарты ақшасы беріледі. Сонымен қатар жұмыспен қамтылады.

Сардор Османов 2022 жылы оңтүстіктен Явленка ауылына көшіп келді. Емханада дәрігер болып істейді. Жас маманға жаңа баспана да берілді.   

Сардор Османов, Есіл аудандық орталық емханасының дәрігері:

- Ұсынымдары бізге ұнады. Сосын жұмысқа орналастық. Сол 22-жылдан бері міне үшінші жыл жұмыс атқарып келе жатырмыз. Әйелім бар. Әйелім де жұмыс істейді. Ол енді садикте. Үй берілген акимат жақтан. 

Облысқа 2016 жылдан бері «Еңбек» бағдарламасы бойынша 17 мыңға жуық адам қоныс аударды. Бұрын оларға жаңа үй салынатын. Ал қазір баспана алуға 4 млн-нан астам теңге беріледі. Биыл көшіп келгендерге 1,5 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.     

Аман Төрегелдин, облыстық еңбек мобильдігі орталығының директоры:

«Экономикалық мобильді» сертификат дейді үй сатып алуға 50 пайызын төлейтін 913 млн теңге соған кетті. Төленді. Сосын 400 млн теңгеден астам кісі басына келгендерге төленетін материалдық көмек. Қалғаны бір 200 млн теңге мынау тұрғын үйді жалға алуға, коммунеалдық қызметтерді төлеуге сондай субсидия төленді.

Бірақ солтүстікте бәрі бірдей тұрақтап қала алмады. Облыс бойынша бағдарламаға қатысқан 1200 адам қайта көшіп кетті. Дені отбасылық жағдайына, ауа райы мен денсаулығына байланысты мәжбүр болды. Ал себепсіз кеткендердің ісі сотқа жолданады.     

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков