Қазақстандықтар шығындарын азайтып, қаржысын үнемдей бастаған

Қазіргі уақытта Сізде жеке және ақшалай жинақтарыңыз бар ма?

Ұлттық банк ай сайын осындай сауалнама жүргізеді. Соңғысының нәтижесінде сұралғандардың 31 пайызы "бар" десе, 61 пайызы "ақшалай жинақ жоқ" деп жауап берген. Тағы бір қызық факт, халық 57 пайызы жиған тергенін депозитте, ал 43 пайызы қолма қол ақшамен сақтайды. Жылжымайтын мүлік пен бағалы металлдар қаржы құятын азамттар да бар. Бірақ біз жүргізген шағын сауалнамада мүлдем басқа нәтиже берді.

Сізде жеке және ақшалай жинақтарыңыз бар ма?

бар 31,2%

жоқ 61,1%

жауап беруге қиналамын 7,6%

 ҚР Ұлттық банкі

БЛИЦ

- Мүмкін емес қой ондай. –Ақша жинау мүмкін емес пе сіз үшін?  -Продуктың мен кредитің бар, квартираң бар, сонымен кетеді ғой.

- Экономить етуді білмейміз пока семейный болмаған соң ба...   -Кіріс пен шығыс есептейсіз бе? – Жоқ, есептемеймін. - Бәрін жұмсаймын ғой полный.  Тамаққа көп жұмсаймын. Горилла, сусындарға.

Қазір елімізде "Қарызсыз қоғам" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Онда қазақстандықтарға қаржылық сауаттылықты үйретеді. Республика аумағын аралап шыққан сарапшының айтуынша, шалғайдағы елді мекендерге қарағанда, мегаполистердегі халықтың қаржылық сауаты жоғары. Бұл өмір сүру салтымен байланысты дейді маман. Бірақ несие қарызы көпшілігінде бар.

Дулат Мыңбаев, "Қарызсыз қоғам" жобасының қаржы сарапшысы:

- Елімізде жалпы экономикалық белсенді тұрғындардың саны 9 млн 400 мың болса, оның 8 млн 600 мыңының мойнында жоқ дегенде бір несие рәсімделген. Олардың ішіндегі 6 млн 800 мыңы қара тізімге енген азаматтар. 90 күннен аса төленбей қалып, екінші рет екінші  деңгейлі банктерден несие рәсімдеуге мүмкіндігі болмай қалған жандар.

Сонда қалған 2 млн 600 мың адам экономикалық белсенді. Яғни Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған 20 банктің тұрақты клиенті. 

Дулат Мыңбаев, "Қарызсыз қоғам" жобасының қаржы сарапшысы:

- Соңғы мәліметтер бойынша, 19 трл теңге несие берілген. Оның 12 трлн теңгесі жеке тұлғаларға берілген. Берілген несиелердің 80% жуығы ол тұтынушылық несиелер.

Десе де тапқан таянғанын толық жұмсамай, кіріс шығысын есептеп отыратындар да бар. Біздің сауалнамадан байқағанымыз негізінен ер азаматтар есепке мығым. 

БЛИЦ

- Мен мысалы күнделікті календарь жүргіземін. Тапқан доходым мен расходымды есептеп отырамын. Доход 500 мың болса, оның 300 мың теңгесі жиналымға салып қоямын.

Маулет Сүйментай, қала тұрғыны:

- Ақшаны үнемдей аламын мен. Шоколад, соктарды алмай соларды үнемдеп салып қоямын. Ақшаны мен көбінесе наличка қылып ұстаймын. Өйткені Каспиге салса кетіп қала береді ақша. Ал Наличка босла кетпейді. Мысалы, 5 мың тұтас болса, оны құртқың келмейді. Ал 500 теңге болып қалса оны құртқың келіп тұрады. Ақшаға қаттымын, экономға да жақсымын.

Ал егер артық ақша болып жатса, сарапшылар жылдық сыйақысы жоғары депозиттерді пайдалануға кеңес береді. Бастысы кіріс пен шығысты есептеп, табыс көлемінен артық сома жұмсамаған абзал.

Ғазиза Мұхамеджанова, Ақылбек Есімсейітов, Мадияр Қындыбаев