Инфрақұрылымды дамытуға ниетті инвесторларды іздейміз — Президент

akorda.kz/kz

Жыл соңына дейін инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік туады. Оны Ұлттық цифрлық инвестициялық платформадан көруге болады. Форумда Президент инвесторлар құқығын қорғау және реттеу саясатын дамыту мәселелеріне ерекше мән берді.

Мемлекет басшысы сот және құқық жүйесіндегі жаңғыртулар қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталғанын айтты. Ал жаңа Салық кодексі көлік құралдарын, бағдарламалық жасақтамаларды сатып алуға жұмсалған шығындарды шегеретін. Салық преференцияларын бекіту арқылы инвестициялық кезеңді жандандырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жақында қабылданған 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары жергілікті өндірушілерге тың мүмкіндік ұсынады. Жалпы сомасы 86 миллиард доллардан асатын 200-ге жуық ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылмақ. Үкімет жергілікті өндірушілерден офтейк-келісімшарттар арқылы сатып алуға арналған тауарлар тізімін жасақтап жатыр. Өнеркәсіп өркендеуі үшін жоғары білікті жұмысшылар қажет. Сондықтан мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладым. Біз Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды дамытуға ниетті инвесторларды іздейміз.