Астанада Қазақстанның ғаламдық инвестициялық форумы өтіп жатыр

Тәуелсіздік алғаннан бері ел экономикасына 417 млрд доллар шетелдік инвестиция құйылды.

Алдағы 5 жылдың ішінде Қазақстанға тағы 400 млрд доллардан астам инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл – ел экономикасын әртараптандырып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға орасан мүмкіндік.

Астанада өтіп жатқан Қазақстанның ғаламдық инвестициялық форумында елге шетелдік қаражатты тартудың тың жолдары мен инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері кеңінен талқыланды.