Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығына қатысты мәселелері талқыланды
Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық-импорттық операцияларын жеделдетуге ниетті, деп хабарлайды 24kz.
Саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланған келіссөзді Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук жүргізді. Тараптар ақпараттық жүйелердің электрондық ветеринариялық құжаттарымен және деректермен алмасуға дайындығын растады. Қазақстан тарапы жақын арада Ресейдің 16 өңірінен шошқа етін әкелуге қойылатын шектеулерді алып тастауға дайын екендігін хабарлады. Серік Жұманғарин олардың қауіпсіздігі тиісті зерттеулердің нәтижесімен расталғанын атап өтті.