Отандық Alaqan биометрия қызметі шетел нарығына шығады

Қазақстандық Alaqan биометрия қызметі шетел нарығына шығады, деп хабарлайды 24kz.

Отандық биометрия қызметі Шанхайдағы VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде таныстырылды. Бірегей жоба авторлары қытайлық кәсіпкерлер және басқа елдердің серіктестерімен жаңа байланыс орнатуға ниетті. Alaqan арқылы қауіпсіз әрі ыңғайлы төлемдер жасауға болады. Яғни алақан тамырларының суреті арқылы жеке тұлғаны сәйкестендіру саласында пайдаланатын инновациялық биометриялық жүйе. Технология карталарды, қолма-қол ақшаны немесе мобильді құрылғыларды алмастыра алады. Бұл экожүйе қазірдің өзінде елдегі 300-ге жуық мектепте қолданылып келеді.

Берік Нұрымбетов, Alaqan компаниясының негізін қалаушы:

- Қазіргі таңда бұл технология мектептерде пайдаланылады. Бала мектепке алақанының көмегімен кіреді, тамақ сатып алады, кітапханадан кітап алады, шкафын ашады. Біз шетелде, араб елдерінде де жобамызды ұсындық, онда біздің әзірлемеміз төлем жүйесі ретінде қолданылады.