Мемлекет басшысы Orano S.A. компаниясының президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Orano S.A. компаниясының президенті Николя Масты қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуда компанияның әлеуеті зор екеніне назар аударды. Осы ретте аталған серіктестік елімізде жоғары технологияны ілгерілетуге, сонымен қатар Францияны қауіпсіз әрі сенімді табиғи уранмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Orano S.A. – халықаралық ірі өнеркәсіп компаниясы, Франциядағы атом өнеркәсібінің көшбасшысы. Былтыр компанияның кірісі 4,8 млрд еуроны құрады.