Меркі қант зауытында қызылша қабылдайтын екінші алаң ашылады

Меркі қант зауытында қызылша қабылдайтын тағы бір алаң ашылады.

Себебі кәсіпорында 120 мың тоннаға есептелген арнайы алқапта орын жоқ. Қазір зауыттың алды кептелген жүк көліктеріне толы. Мәселе бір айға жуық уақыттан бері шешімін таппай тұр. Қосымша өнімді қабылдау алаңы қашан іске қосылады?

Меркі қант зауытының алдындағы кептелістің пайда болғанына бір айдан асты. Аймақтағы қылша өңдейтін жалғыз зауыт өнімді қабылдап үлгере алмай жатыр. Осының кесірінен жүк көліктері тауарды түсіріп кету үшін апталап күтуге мәжбүр.

Мерей Бает, тілші:

- Меркі қант зауытының алдында қазір осындай бірнеше шақырымға созылған кептеліс. Кезек күткендердің алды мұнда бір апта бұрын келген. Қазір бұл жерде 500-ге тарта жүк көлігі бар. 

Жалғасбай Данаев, шаруа:

- Күннен күнге көбейіп жатыр. Бұрын екі күнде кіріп шықсақ, қазір апталап жатамыз. Мысалы бүгін алтыншы күнім, ертең жетінші. Менің очередім әлі келмейді. Мынау қаыблдау қуаттылықтары жоқ. Техникасының бәрі қирайды. Өңшең ескі техника ғой менімен жасты.

Биыл аймақ бойынша 10  800 гектар жерге қызылша егіліп, 600 мың тоннадан аса өнім алу жоспарланған. Қазір тәтті түбірдің 305 мың тоннасы жиналды. Оның 222 мың тоннасын Меркі қант зауыты қабылдаған. Қазір оның қылша түсіруге арналған алаңы толып қалды. Сол себепті қабылдау жұмыстары тежелген. Мәселені шешу үшін жергілікті билік тағы 70 мың тоннаға шақталған жаңа алаң ашуды жоспарлап отыр. 

Әбдірасыл Желеубаев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Зауыттың кагадтың алаңында жиналған өнімді барынша өңдеуге мүмкіншілік береді екінші кагадты ашуымыз. Одан кейін Меркі қант зауыты 10 күнде 20-25 мың тонна өнімді өңдейді. Соның есебінен Меркі қант зауытының ішіндегі кагадтың поляның өзі босайды. Соның есебінен 10 күннің ішінде өнімді біз екі жаққа да өткізуді ұйымдастыратын боламыз. 

Қант зауыты ақпан айына дейін 450 тонна өнім қабылдауға қауқарлы.  Артылғаны Ақсу зауытына жіберілмек. Қазір 13 қожалық 110 мың тонна қызылша өткізуге келісімшарт жасасқан.

Саха Манатов, облыстық қызылша өсірушілер қауымдастығының төрағасы:

- Үкімет зауыттарға көмек беру керек, максимально. Шаруа жұмыс жасауы үшін бізге сбыт керек. Ал сбыт бұл завод. Заводты қолға алу керек үкімет. Беру керек ақшаны максималды миллиардтап СКЛ Оборудованиесін жаңарту керек. Солардың бәрін жаңартқаннан кейін біздерде жұмыс болады. 

Келер жылы дәл осындай жағдай туындамас үшін ауыл шаруашылығы басқармасы Тараз қант зауытының басшылығымен келіссөздер жүргізуді бастап кеткен. Қазір кәсіпорынды реконструкциялау үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалып жатыр. 

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә