Шетелдік туристердің Қазақстан жерінде жұмсаған шығын мөлшері артты
Қазақстанға шет елдерден келген туристердің жұмсаған шығыны 13 пайызға артты.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Мәселен, ресейлік саяхатшылар біздің елде жүріп, 2 миллиард теңгеге жуық ақша жұмсаған. Ал екінші орында Өзбекстан азаматтары тұр. Оңтүстіктегі көршілеріміздің шығыны 390 миллион теңдеген асады. Үштікті түркиялық саяхатшылар қорытындылады. Олар елімізде 300 миллион теңгеге жуық қаржысын жұмсаған. Сондай-ақ тізімді Қырғызстан, Қытай және Германиядан келген туристер жалғайды. Статистика бюросының сарапшылары қонақтарымыздың нақты қай секторға ақша бағыттағанын да саралады. Қаражаттың негізгі бөлігі жолға кетеді екен. Кейін азық-түлік пен сыртта тамақтануға шығындалады. Бұған қоса, біздің елде шопинг жасап, уақытша орналасқан орындарға төлейді.
Ресей – ₸1,8 млрд
Өзбекстан – ₸392,8 млн
Түркия – ₸299,7 млн
Қырғызстан – ₸195,4 млн
Қытай – ₸184,4 млн
Германия – ₸166,4 млн
транспорттық шығын – ₸2 млрд
тамақтану мен азық түлік шығыны – ₸699,7 млн
шопинг – ₸507,8 млн
қонақ үй, жалдамалы пәтер, т.б. – ₸506,3 млн