Елімізде ұн өнімдерінің экспорты 3 млн тоннаға жуықтады
Елде астық, яғни шикізат қана емес, ұн өнімдерінің де экспорты артты, деп хабарлайды 24kz.
Жыл басынан бері 2,9 млн тоннасы тасымалданған. Көрсеткіш кейінгі 5 жылдағыдан жоғары. Ал былтырғы кезеңімен салыстырғанда 11%-ке артық. Ұнның тең жарымы Қостанай облысынан жөнелтілді. Одан кейінгі ауқымдысы Ақмола облысы. Мұнда жалпы тасымалдың 17%-і қамтылды. Ал біздің ұнды импортаушылардың алды – Ауғанстан. Бұл елге 788 мың тоннасы жөнелтілді. Одан кейін Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстан тұр. Министрлік өнімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 15 мыңнан астам жабық вагон жеткілікті екенін хабарлады.