Елімізде «ақылды жеделсатылар» жоғары сұранысқа ие
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық байланыс артып келеді, деп хабарлайды 24kz.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында тауар айналымы 895 млн АҚШ долларына жетіп, алға ілгерілеушілік байқалды. Ішкі нарықта Өзбекстан өндірушілерінің Akfa Build бредімен танылған жеделсатылары мен техникалық жабдықтары жоғары сұранысқа ие болды. Оның қандай артықшылығы бар?
Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
- Ташкент технопаркіне тиесілі өнеркәсіптік өнімдер Шымкент шаһарында кеңінен қолданыла бастады. Akfa Build бренді берілген лифттер мен жеделсатылар тұрғын үй кешендері мен сауда орталықтарына, заманауи жекеменшік мектептерге орнатылды.
Әлинұр Алдияров, сауда орталығының әкімшісі:
- Ешқандай мәселе жоқ. Бәрі істеп тұр. Уақытылы келіп, орнатып берген. Лифт үшінші қабаттан бірінші қабатқа дейін түседі. Ешқандай проблема жоқ. 1 тоннаға дейін көтереді. Жұмыс істеп тұр.
Өзбекстандық өндірушілер лифттің сапасы мен қауіпсіздік жүйесіне кепілдік береді. Еуропалық стандартқа сай заманауи интерьер мен ақылды технология пайдаланылған.
Азатбек Саитов, мейрамхана иесі:
- Егер электр жарығы сөніп қалса, арнайы ARD жүйесі автоматты түрде іске қосылады. Яғни, лифт ең жақын қабатқа тоқтап, есігі өзі ашылады. Адам ішінде қалып қояды деген қорқыныш жоқ.
Akfa Build компаниясының инновациялық өнімдері Шымкенттегі көрме кеңседе ұсынылған. Енді қазақстандық кәсіпкерлер тарапы диллерлік орталыққа келіп тиімді шарт жасауына болады.
Юсуфхон Боситхонов, Akfa Build компаниясының аймақтық өкілі:
- Біздің өндіріс үш бағытта жақсы дамыған. Құрылыс материалдары, тұрмыстық жабдықтар және өнеркәсіптік қондырғылар шығарылады. Дайын тауар 25 елге экспортталады. Соның ішінде Қазақстанмен сауда айналымда алға ілгерілеу бар. Нарық біз үшін үлкен.
Өзбекстандық өндіріс орындарында жылына 2000 лифт пен 200-ден астам эскалатор шығарылады. Екі ел арасында сауда-саттық жанданғанда Қазақстан нарығына әдеттегі лифтен бөлек, панорамалық бағыттағы жедалсатылар мен аурухана науқастарына арналған кең таңдау ұсынылды.
Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов