Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің ХII конгресі өтеді

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің ХII конгресі өтеді

15 қарашада Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресі өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастырады.

Конгрестің панельдік сессияларында Қазақстанның мемлекеттік орган өкілдері, банктер мен басқа да қаржы институттарының басшылары қаржы секторын либерализациялау мәселелері мен оның экономикалық өсімге қалай әсер ететінін талқылайды. Сонымен қатар макроэкономикалық саясаттың басқа да аспектілерін қарастырады.

Сондай-ақ Конгресте ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы мен цифрлық теңгені дамыту перспективалары сараланады. Бөлшек қаржы нарығын дамытуға да қатысты дара сессия өтеді, ол халыққа арналған кредит, сақтандыру және инвестиция өнімдеріне арналады.

Конгресте қаралатын тағы бір тақырып – корпоративтік секторды қаржыландыру, оның мүмкіндіктері мен ондағы шектеулер. Қорытынды панельдік пікірталас инвестициялық және эндаумент қорларын дамыту бағыттарына арналады.

Конгресс бағдарламасымен Ұлттық Банктің сайтында танысуға болады.

Айта кетейік, Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі онлайн және офлайн форматта өтеді.