Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі екі есе артты
Ақмола облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі екі есе өсті.
Яғни жыл соңында 1 трлн теңгеге жетпек. Тарихи нәтижені аймақтық форум барысында облыс әкімі мәлімдеді. Шара барысында ауыл шаруашылығы саласына сүбелі үлес қосқан ақмолалықтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сондай-ақ 3 шаруалар динас-тиясына, су жаңа көліктер тарту етілді.
Биыл ақмолалық шаруалар үшін табысты жыл болды. Өңір диқандары рекордттық көлемде өнім жинады. Қамбаға 6 жарым миллион тонна астық құйылды. Алқаптағы ырыздықты ысырапсыз жинаған шаруаларға өңір басшысы да алғысын жеткізіп, аталмыш мерекенің маңыздылығына тоқталды.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
- Бұл мереке шаруашылықтар мен қырманда тер төгіп, күні түні тер төгіп, бір сөзбен айтқанда бүгінгі ауылдың келбетін келтіріп отырған жандардың мерекесі. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның аграрлық ел ретінде имиджін қалыптастыру жолында ауыл шаруашылығы саласының қызметкерелі қосқан үлесі зор деп білемін.
Салтанатты жиында қарапайым еңбек адамдары ұлықталды. Яғни үздік сауыншы, жүргізуші, бригадир сияқты түрлі марапаттар тағайындалды. Сондай-ақ осы салаға бар ғұмырын арнаған ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Қинаят Шақанов, еңбек ардагері:
- Биыл алғаш рет аймақта «Ақмола- еңбек озаты» марапаты тағайындалып, 45 адамға қаржылай сыйақы табысталды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын насихаттап жүрген тілшілер қауымы да назардан тыс қалмады. Марапатқа ие болғандардың қатарында «Хабар» арнасының жергілікті тілшісі Аслан Абуталипов та бар. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.
Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный