Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті

Елдегі ең төменгі жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды 24kz.

Енді Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер қызметкерге бұдан төмен еңбекақы бере алмайды. Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын 2 млн-ға жуық жалдамалы маманның кірісі ұлғаяды. Бұл айлығы аз азаматтарға ғана емес, басқа отандастарымыздың жалақысын қайта қарауға мүмкіндік береді.