Астық қабылдау орындары қалыпты жұмыс істеп тұр

Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша республикадағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30 млн тоннаны құрайды. Атап айтқанда, қолданыстағы лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында 12,7 млн тонна, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 17,4 млн тонна астық сақталады. Көрсетілген қуаттылық көлемі өткен жылдардан қалған қорларды ескере отырып, жиналған өнімді сақтауға жеткілікті.

Астық қабылдау кәсіпорындарына шамамен 7,9 млн тонна астық тапсырылды, оның 5,7 млн тоннасы – бидай. Қалған астық егіншілер қоймаларында сақталады. Қазіргі уақытта лицензияланған элеваторлар жүктемесі 44%. Жаңа өнімді қабылдау үшін элеваторларды босату мақсатында астықты тасымалдау және өткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Тамыз айынан қарашаға дейін 3,5 млн тонна астық тасымалданды.