Туризм саласын мемлекеттік қолдау кеңейтілді

Елде Мемлекет басшысының тапсырмасымен туризм саласы жаңғыртылып жатыр. Үкімет туризм саласына мемлекеттік қолдаудың күшейгенін хабарлады.

Биыл мақұлданған өтінімдер 3 есе артқан. 37 туристік нысан мен 6 туристер тасымалдайтын автобусқа 2,1 млрд теңге бөлінді. Жылдың соңына дейін жалпы құны 120,4 млрд теңгені құрайтын 119 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Оның қатарында Түркістандағы «Medina Palace» қонақүйін салу және «Ақсу – Жабағылы» шипажайын жаңғырту көзделеді.