Алматыда 25 туристік нысан ашылды

Аймақтарға саралағанда көрсеткіштердің оң екенін байқаймыз. Мысалы, Ақмола облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 23 млрд теңгеден асты. Бюджетке түсетін салықтық түсім 3 млрд теңгеден артқан. Өсім 30%-ті құрады.

Алматы облысында бірегей тау кластері дамып келеді. Туристік саланы дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде Түрген шатқалынан Қаскелең шатқалына дейін тау шаңғысы базаларын құру мен жаңғыртуды қамтитын кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Ал Алматы қаласында биыл жеке қаражат есебінен 25 туристік нысан ашылды. Ұлытау облысында келесі жылы 1,5 млрд теңгені құрайтын екі қонақүйді пайдалануға беру, тарихи орындар бойынша жеңіл инфрақұрылым мен далалық навигацияны орнату жоспары бар.