Қазақстан Орталық Азияда ІТ-шешімдерді экспорттау бойынша көш бастады

Қазақстан Орталық Азиядағы ІТ-шешімдерді экспорттау бойынша көш бастап тұр.

Отандық ІТ өнімдер 87 шет мемлекетке экспортталды. Саладағы биылғы таза табыс 300 млн доллардан асты. Әсіресе, қазақстандық жобалар Ресей, Ирландия, Мексика, АҚШ және Сингапур елдерінде сұранысқа ие. Сонымен қатар Қазақстан венчурлық мәмілелер көлемі бойынша көшбасшы саналады. Мысалы, өткен жылы олардың сомасы $80 млн-ды құрады. Маңызды инвестициялар CITIX, Hero's Journey, Higgsfield AI және басқа да компаниялардан тартылды. Бүгінгі таңда олардың кейбірінің құны $100 млн-ға жетті. Қазақстанда ақпараттық технологияларды дамытуда IT-хаб маңызды рөл атқарады. Арнаулы алаңдарда түрлі акселерациялық бағдарламалар өткізіледі, жетекші сарапшылар мен инвесторлар тартылады. Осылайша, коммерциялық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетеді.    

ІТ - 300 млн доллар табыс

венчурлық мәмілелер - 80 млн доллар

ІТ өнімдер 87 мемлекетке экспортталды 

Цифрлық Қазақстан: IT-салаға 187 мыңнан астам маман жұмылдырылды

ІТ салаға 187 мыңнан астам маман жұмылдырылды. Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің ел 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Бүгінде интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. 2024 жылы Қазақстанның IT-саласы қарқынды өсімді көрсетті. IT-компаниялардың саны 18 683-ке жетті. Соңғы үш жылда 16% өсім. Сонымен қатар IT мамандарға сұраныс артып келеді. Қазіргі уақытта IT саладағы жұмыспен қамту 12%-ға артып, 187 мың адамға жетті. Бұл саладағы орташа айлық жалақы 54%-ға өсіп, 673 мың теңгені құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында жеке IT-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мың IT-маман даярлауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда олар ақпараттық технологиялар саласында 16 мыңнан астам сарапшы дайындады.

ІТ компания - 18 683

саладағы өсім - 16%

жұмыспен қамту 12% артты

орташа айлық 54% өсті