Суармалы суға төленетін субсидия 85% өсті

Суармалы суға төленетін субсидия мөлшері 85%-ке ұлғайтылды. Ілкімді істің игілігін су үнемдеу технологияларын пайдаланатын шаруалар көреді. Тың тәсіл арқылы егіншілер тіршілік көзін 20-30%-ке үнемдейді. Ал елдегі егістік алқаптарын 1,3 млн гектарға дейін кеңейтуге мүмкіндік туады.

Бұған қоса биыл ұңғымаларды бұрғылауға және су үнемдеу жүйелерін сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын субсидиялау мөлшері 50%-тен 80%-ке дейін өсті. Ақжолтай ақпарды Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.