Қазақстанда қуаты 26 ГВт энергия өндіру нысандары салынады
Бұдан бөлек, Энергетика министрлігі 2035 жылға дейін кемінде жалпы қуатын 26 ГВт болатын жаңа энергия өндіру нысандарын салады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытында 148 жаңартылатын энергия көздері нысаны іске қосылды.
Олардың қатарында 59 жел электр станциясы мен 46 күн станциясы және 40 гидроэлектростанция, сондай-ақ 3 биогаз электр станциясы жұмыс істейді. Саланы дамыту үшін әзірге 720 млрд теңге инвестиция тартылды. Биылғы жылдың соңына дейін жалпы қуаты 163 мегаватт болатын сегіз жаңа жаңартылатын энергия көздері жобасын іске асыру көзделген.